Қазақстан триатлоншылары Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Сары құрлық бәсекесінде 17 елден келген 181 спортшы сынға түсуде.

Қазақстан триатлоншылары Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды olympic.kz

Қытайдың Сюйчжоу қаласында 13-14 маусым күндері триатлоннан 2026 жылғы Азия чемпионаты өтуде. Жарыс суперспринт форматында ұйымдастырылып, элита, жастар (U17) және U15 санаттарында медальдар сарапқа салынуда.  
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі алтын медаль жеңіп алды. U17 санатында Рамазан Айнегов, U15 қыздар арасында Ясмина Бузуртанова жеңімпаз атанды. 

Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрады. Чемпионат бағдарламасына жеке жарыстармен қатар аралас эстафеталар да енгізілген. Бүгін, 14 маусымда чемпионат аясында эстафеталық жарыстар өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу