Александр Шевченко Ritro Slovak Open турнирінің финалына жолдама алды

Финалда қазақстандық теннисші Даниэль Таромен кездеседі.

Александр Шевченко Ritro Slovak Open турнирінің финалына жолдама алды ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан ATP Challenger - Ritro Slovak Open турнирінің финалына шықты.

Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі фавориті атанған Шевченко жартылай финалда украиналық Виталий Сачкомен кездесті. Әлемнің 215-ракеткасына қарсы өткен матчта қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, екі сет қорытындысы бойынша 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко бес эйс жасап, брейк жасауға берілген 14 мүмкіндіктің төртеуін тиімді пайдаланды.

Осы жеңістің арқасында қазақстандық теннисші турнирдің шешуші матчына жолдама алды. Финалда ол жапониялық Даниэль Таромен кездеседі. Финал бүгін, 14-маусым Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу