«Астана» өз алаңында «Ертістен» басым түсті

«Астана» «Ертісті» ұтып, үздік төрттікке көтерілді.

«Астана» өз алаңында «Ертістен» басым түсті ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында елордалық «Астана» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Кездесу барысында есеп 36-минутта ашылды. Қонақтар қақпашысы Виталий Ботнарь өз қақпасына гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. Ал бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда команданың көшбасшысы Марин Томасов мергендігімен көзге түсіп, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 2:0.

Осы жеңістің арқасында «Астана» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Ал «Ертіс» тоғыз ұпаймен 15-орында қалып отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу