Жапония құрамасы Нидерландымен тең түсті
Әлем чемпионатында бәсеке қыза түсті.
Associated Press
Футболдан әлем чемпионатының F тобындағы алғашқы тур матчында Жапония мен Нидерланды құрамалары 2:2 есебімен тең түсті.
АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы стадионда өткен кездесуде есеп тек екінші таймда ашылды. 51-минутта Нидерланды құрамасының капитаны Вирджил ван Дейк мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Алайда жеті минуттан кейін жапониялық шабуылшы Кэйто Накамура таразы басын теңестірді.
64-минутта Крисенсио Саммервилл гол соғып, еуропалықтарды қайтадан алға шығарған еді. Матч соңына дейін басымдықты сақтап тұрған нидерландтылықтар жеңіске біртабан жақын болды. Дегенмен 89-минутта Даити Камада есепті теңестіріп, Жапония құрамасын жеңілістен құтқарып қалды.
Осылайша, тартысты өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Нәтижесінде екі команда да бір ұпайдан еншілеп, F тобындағы турнирлік кестенің көшін бастады.
Әлем чемпионатының келесі турында Нидерланды құрамасы Швециямен кездессе, Жапония Туниспен өзара мықтыны анықтайжы.