Алматыда жас теннис жұлдыздары бас қосты

Алматыда ITF J100 халықаралық турнирі басталды.

Алматыда жас теннис жұлдыздары бас қосты ашық дереккөзден

Алматыдағы ЦСКА теннис орталығының топырақ төселген корттарында ITF J100 халықаралық жасөспірімдер турнирі өз жалауын көтерді. 15-21 маусым аралығында өтетін жарысқа Қазақстаннан және әлемнің бірқатар елдерінен келген 18 жасқа дейінгі талантты теннисшілер қатысуда.

Турнир ITF World Tennis Tour Juniors күнтізбесіне енген және жас спортшыларға Халықаралық теннис федерациясының рейтингтік ұпайларын жинауға мүмкіндік береді. Бұл ұпайлар әлемдік жасөспірімдер рейтингінде жоғарылау үшін аса маңызды.

Биылғы додада ұлдар мен қыздар жекелей және жұптық сында бақ сынайды. Жекелей жарыстың негізгі кезеңінде ұлдар мен қыздар арасында 48 спортшыдан өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ұлдар арасында 32, қыздар арасында 24 теннисші іріктеу кезеңі арқылы негізгі торға жолдама алуға таласады. Жұптық сында әр санат бойынша 24 дуэт чемпиондық атақ үшін күреседі.

Қазақстанда осындай халықаралық деңгейдегі турнирлердің тұрақты өткізілуі отандық теннисшілер үшін үлкен мүмкіндік саналады. Жас спортшылар өз алаңында әлемнің үздік теннисшілерімен күш сынасып, тәжірибе жинақтайды әрі маңызды рейтингтік ұпайларға қол жеткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу