Әлем чемпионатында тең нәтижелер көбейді: G және H топтарындағы матчтар жеңімпазсыз аяқталды

Әлем чемпионатында 15 матчтың жетеуінде тең нәтиже тіркелді.

Әлем чемпионатында тең нәтижелер көбейді: G және H топтарындағы матчтар жеңімпазсыз аяқталды Getty Images

Футболдан әлем чемпионатында тең нәтижелер саны артып келеді. G және H топтарындағы алғашқы тур ойындары жанкүйерлерге тартысты кездесулер сыйлағанымен, командалар жеңімпазды анықтай алмады.

G тобындағы матчта Бельгия мен Египет құрамалары 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудің 20-минутында Эмам Ашур мысырлықтарды алға шығарса, 66-минутта Мохамед Ханидің өз қақпасына соққан добы бельгиялықтарды жеңілістен құтқарды.

Осы топтағы тағы бір ойында Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары 2:2 есебімен тең тарқасты. Жаңа зеландиялық шабуылшы Элайджа Джаст дубль авторы атанса, ирандықтар Рамин Резаэян мен Мохаммад Мохебидің голдарының арқасында екі мәрте есепті теңестірді.

Осылайша, G тобындағы барлық құрамалар алғашқы турдан кейін бір ұпайдан еншіледі.

Ал H тобында Сауд Арабиясы мен Уругвай арасындағы кездесу де 1:1 есебімен аяқталды. Саудиялықтар 41-минутта Абдулела Әл-Амридің голынан кейін алға шыққанымен, 80-минутта Максимилиано Араухо таразы басын теңестірді. Бұған дейін Испания мен Кабо-Верде де өзара жеңімпазды анықтай алмаған болатын.

Екінші турда G тобында Бельгия - Иран және Жаңа Зеландия - Египет кездесулері өтсе, H тобында Уругвай Кабо-Вердемен, ал Испания Сауд Арабиясымен өзара мықтыны анықтайды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу