Ертең Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасады
Алматылық «Қайрат» клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев 17-мусым күні сары-қаралар жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді.
ашық дереккөзден
2025 жылдың басында алматылық клуб пен лондондық «Челси» Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келген еді. Футболшы 18 жасқа толғаннан кейін, яғни 2026 жылдың тамыз айында ағылшын клубының құрамына ресми түрде қосылып, мансабын Еуропада жалғастырады.
17 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 17-туры аясында «Қайрат» өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. Бұл кездесу тек турнирлік маңызы үшін ғана емес, сондай-ақ клуб түлегі Дастан Сәтпаевпен қоштасу рәсімімен де ерекшеленбек.
Кездесуден кейін алматылық клуб жас шабуылшыны салтанатты түрде шығарып салады. Осылайша жанкүйерлер Қазақстан футболының ең жарқын таланттарының бірін «Қайрат» сапында соңғы рет тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
Қысқа уақыт ішінде «Қайраттың» негізгі құрамына еніп, Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Сәтпаев отандық футболдың басты үміттерінің біріне айналды. Ертеңгі матч жас шабуылшының алматылық клубтағы бір кезеңін қорытындылап, үлкен футболдағы жаңа белестің бастауы болмақ.