Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Колумбияға есе жіберді

Фабио Каннаваро шәкірттері әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді.

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Колумбияға есе жіберді Getty Images

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Колумбия құрамасына есе жіберді.

К тобы аясындағы кездесу Мехико қаласында өтіп, колумбиялықтардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Даниэль Муньос, Луис Диас және Хаминтон Кампас мергендік танытты.

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын Аббосбек Файзуллаев соқты. Футболшы қазіргі уақытта Түркияның «Истанбул Башакшехир» командасының намысын қорғайды.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Команда капитаны - «Истанбул Башакшехир» шабуылшысы Элдор Шомуродов.

Бірінші турдан кейін К тобында Колумбия құрамасы 3 ұпаймен көш бастады. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы бір-бір ұпайдан жинаса, Өзбекстан құрамасы әзірге ұпайсыз соңғы орында тұр.

Екінші тур матчтары 23 маусым күні өтеді. Колумбия Конго Демократиялық Республикасымен кездессе, Өзбекстан құрамасы Португалияға қарсы алаңға шығады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу