Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы ширек финал матчтары қашан өтетіні белгілі болды
Испания мен Қазақстан арасындағы матч 23-қыркүйек өтетін болды.
ашық дереккөзден
Билли Джин Кинг кубогының ұйымдастырушылары 2026 жылғы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінің толық кестесін жариялады. Шешуші жарыс 22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Centre Arena аренасында өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалда Испания командасымен кездеседі. Екі құрама арасындағы матч 23 қыркүйек күні өтеді. Бұл кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де басталады.
Турнирдің алғашқы ойыны 22 қыркүйекте Чехия мен Ұлыбритания құрамалары арасында өтеді. Ал 24 қыркүйекте Украина мен Бельгия, сондай-ақ Қытай мен Италия командалары ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Жартылай финалдық кездесулер 25 және 26 қыркүйекке жоспарланған. Ал турнирдің басты матчы - финал 27 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік, финалдық кезеңдегі әр команда екі жекелей және бір жұптық матч өткізеді. Барлық кездесулер екі жеңіске дейінгі форматта ойналады.
Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін таласуға мүмкіндік алады.