«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды Қайрат ФК

Өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Команда турнир барысында сегіз матч өткізіп, бір ойында тең нәтижеге қол жеткізді. Қалған кездесулерде жеңіліс тапқан қазақстандық команда бір ұпаймен жалпы турнир кестесінің соңғы сатысына жайғасқан болатын. 

Биыл да алматылық ұжым чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі.

Қос команда арасындағы алғашқы матч 7 немесе 8 шілде күні Алматыда өтеді. Ал қарымта ойын 14 немесе 15 шілдеде Черногорияда ұйымдастырылады. Кездесулердің нақты күні мен басталу уақыты кейінірек жарияланады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу