Санатәлі Төлтаев Әлем кубогындағы жарыс жолын аяқтады
Бүгін әлем чемпионы Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.
ашық дереккөзден
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының мүшесі Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды.
2025 жылғы Қазақстан чемпионы 65 келі салмақ дәрежесінде екінші айналымда Англия өкілі Патрис Мугалзаимен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қос боксшы да жеңіске жету үшін барын салды.
Алайда жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан ағылшын спортшысына берді. Нәтижесінде Патрис Мугалзаи 5:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Санатәлі Төлтаев Әлем кубогындағы өнерін екінші айналымда аяқтады. Соған қарамастан, қазақстандық боксшы халықаралық додада тәжірибе жинап, ел намысын абыроймен қорғады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін жанкүйерлерді тағы бір тартысты матч күтіп тұр. Әйелдер арасындағы ширек финалда әлем чемпионы Назым Қызайбай Польша өкілі Виктория Рогалинскамен кездеседі.