Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатына қатысуда
Командалық әлем чемпионатында Қазақстан атынан Kazchess және Barys.kz. командалары өнер көрсетуде.
ашық дереккөзден
Гонконгте рапид және блицтен командалық әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева KazChess командасының құрамында өнер көрсетуде.
Турнирдің алғашқы ойын күнінен кейін KazChess төрт турда төрт жеңіске жетіп, Dragon Chilling командасымен бірге көш басына шықты. Қазақстандық ұжымның қоржынында 8 ұпай бар.
KazChess сапында Бибісара Асаубаевамен қатар Қазыбек Ногербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова және басқа да мықты шахматшылар өнер көрсетуде.
Әлем чемпионаты 17-21 маусым аралығында өтуде. Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 48 команда қатысып жатыр.
Екінші ойын күні KazChess турнир көшбасшыларының бірі Dragon Chilling командасымен кездеседі.