Әлем чемпионаты: Мексика алғашқы болып плей-офф жолдамасын иеленді

Мексика әлем чемпионатының басты фавориттерінің қатарына қосылды.

Әлем чемпионаты: Мексика алғашқы болып плей-офф жолдамасын иеленді football.com

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алаң иелерінің бірі Мексика құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

А тобының екінші турында Мексика Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, минималды есеппен жеңіске жетті. Гвадалахара қаласында өткен тартысты матчта жалғыз голды 50-минутта жартылай қорғаушы Луис Ромо соқты. Ойын барысында кореялық қақпашы Ким Сын Гю өз айып алаңында әріптесімен соқтығысып, допты қолынан шығарып алды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Ромо допты қақпаға дәл бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Мексика әлем чемпионатындағы екінші матчында да жеңіске жетіп, алты ұпай жинады. Бұған дейін олар турнирдің алғашқы кездесуінде Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен ұтқан болатын.

ФИФА мәліметінше, Мексика XXI ғасырда өз алаңында өтіп жатқан әлем чемпионатын қатарынан екі «құрғақ» жеңіспен бастаған алғашқы команда атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1998 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы қол жеткізген еді.

Екі тур қорытындысы бойынша А тобында Мексика 6 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 3 ұпайы бар Оңтүстік Корея орналасқан. Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасының еншісінде бір-бір ұпайдан бар.

Топтық кезеңнің соңғы турында Мексика Чехиямен кездессе, Оңтүстік Корея құрамасы Оңтүстік Африка Республикасымен күш сынасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу