Канада Катарды тас-талқан етті

Матч барысында Исмаэль Коне ауыр жарақат алды.

Канада Катарды тас-талқан етті ашық дереккөзден

Әлем чемпионатында Канада құрамасы жанкүйерлеріне нағыз шоу сыйлады. Ванкуверде өткен В тобының екінші тур матчында алаң иелері Катар құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирдегі ең ірі жеңістердің бірін тіркеді. 

Кездесудің басты қаһарманы канадалық шабуылшы Джонатан Дэвид болды. Ол қарсылас қақпасына үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. Сонымен қатар Кайл Ларин мен Нейтан Салиба да мергендігімен көзге түссе. Катар қорғаушысы Мохамед Маннаи өз қақпасына гол соғып, есептің одан әрі ұлғаюына себепкер болды - 6:0.

Алайда матч тек голдарға ғана емес, жанкүйерлердің жағасын ұстатқан оқиғаларға да толы болды. Алғашқы таймда Катар құрамасының қорғаушысы Хомам Ахмед тікелей қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Ал екінші таймда Ассим Мадибо өрескел әрекет жасады. 

Катарлық жартылай қорғаушы канадалық Исмаэль Конеге өте қатты соққы жасап, нәтижесінде футболшы ауыр жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Коне аяғын сындырған болуы мүмкін. Бас төреші VAR көмегіне жүгініп, эпизодты қайта қарап шыққан соң Мадибоны алаңнан қуды.

Жарақат алған Коне өздігінен жүре алмай, медициналық қызметкерлер оны зембілге салып алаңнан алып кетті. 

Алайда командаластары жарақат алған әріптесіне ерекше қолдау көрсетті. Коненің орнына алаңға шыққан Нейтан-Дилан Салиба көп ұзамай гол соғып, мерекелеу кезінде жарақат алған ойыншының жейдесін жоғары көтерді. Бұл әсерлі көрініс матчтың есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Екі турдан кейін Канада құрамасы 4 ұпаймен В тобында көш бастап тұр. Дәл осындай ұпай жинаған Швейцария екінші орында келеді. Босния және Герцеговина мен Катар құрамаларының қоржынында бір ұпайдан ғана бар.

Бұл жеңіс Канадаға плей-офф жолындағы мүмкіндігін айтарлықтай арттырса, Катар құрамасы үшін турнирдегі жағдай күрделене түсті. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу