Швейцария соңғы минуттарда төрт гол соғып, Боснияны ойсырата жеңді

Босния және Герцеговина құрамасы 80-минуттан бастап он ойыншымен өнер көрсетті.

Швейцария соңғы минуттарда төрт гол соғып, Боснияны ойсырата жеңді ашық дереккөзден

Футболдан әлем чемпионатының В тобындағы екінші тур матчында Швейцария құрамасы Босния және Герцеговина командасын 4:1 есебімен жеңді. 

АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өткен кездесуде ұзақ уақыт бойы есеп ашылмай тұрды. Қос команда да сақ ойнап, қорғанысқа басымдық бергенімен, матчтың соңғы бөлігінде көрермендер бірден бес голдың куәсі болды.

Ойынның 74-минутында шабуылшы Жоан Манзамби есеп ашып, швейцариялықтарды алға шығарды. Ал 80-минутта босниялық қорғаушы Тарик Мухаремович қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған швейцариялықтар шабуылдарын үдетіп, 84-минутта Рубен Варгас есепті 2:0-ге жеткізді. Арада алты минут өткенде Манзамби дубль авторы атанып, жеңіс мәселесін толық шешті.

Босниялықтар берілмей, 90+3-минутта Эрмин Махмичтің голы арқылы есеп айырмасын қысқартқанымен, матчтың соңғы нүктесін тәжірибелі жартылай қорғаушы Гранит Джака қойды. Ол қосымша уақыттың жетінші минутында пенальтиді дәл орындап, қорытынды есепті 4:1 етті.

Осы жеңістен кейін Швейцария құрамасы төрт ұпай жинап, В тобында бірінші орынға көтерілді. Ал Босния және Герцеговина бір ұпаймен үшінші сатыда қалды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңі 27 маусымға дейін жалғасады. Әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу