Соня Жиенбаева Қытайдағы ITF W35 турнирінің финалына шықты

Соня Жиенбаева жұптық сында өнер көрсетуде.

Соня Жиенбаева Қытайдағы ITF W35 турнирінің финалына шықты ktf.kz

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Чжэнчжоу қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Жиенбаева жарыста ресейлік Екатерина Яшинамен жұп құрап өнер көрсетуде. Жартылай финалда олар Қытай мен Жапония өкілдері Юфей Рен мен Ринко Мацудаға қарсы кортқа шықты.

Кездесу екі сетке созылып, қазақстандық-ресейлік дуэттің сенімді жеңісімен аяқталды. Жиенбаева мен Яшина қарсыластарын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, шешуші кезеңге өтті.

Осылайша, Соня Жиенбаева мен Екатерина Яшина турнирдің финалында Қытай теннисшілері Юйцзя Хуан мен Ушуан Чжэнге қарсы ойнайды. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын матч 20 маусым күні өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу