Норвегия құрамасы әлем чемпионатына бір тоннадан астам азық-түлік алып келді
Норвегиялықтар азық-түлікпен қатар жеке аспаз да алып келген.
herrelandslaget
Норвегия футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына ерекше дайындықпен келген командалардың бірі. Скандинавиялықтар АҚШ-тағы турнирге футболшылар мен жаттықтырушылардан бөлек, бір тоннадан астам азық-түлік те алып келген.
Норвегиялық VG басылымының мәліметінше, құраманың тамақтану жоспары 2025 жылдың қараша айынан бастап әзірленген. Команда өкілдері азық-түлікті өздерімен бірге алып келуді өнім сапасының жоғары болуымен және ойыншылардың қалыпты тамақтану режимін сақтаумен түсіндірді.
Құраманың базасына жеткізілген өнімдердің ішінде 300 келі атлантикалық албырт пен ақ балық, 116 келі дәстүрлі норвегиялық ірімшік және 6000 дана апельсин бар. Апельсиннен күн сайын шамамен 15 литр жаңа сығылған шырын дайындалады.
Командамен бірге АҚШ-қа жеке аспаз да барған. Оның айтуынша, футболшыларға ұсынылатын мәзірдің басты ерекшелігі - табиғи әрі сапалы теңіз өнімдері.
«Бұл АҚШ-та ұсынатын тағамдарымыздың аз ғана бөлігі. Бізде Хьельмеландта ауланған жоғары сапалы палтус балығы бар. Оны қызанақ, лимон және ақжелкен қосылған жеңіл салатпен ұсынамыз», - дейді аспаздардың бірі.
Норвегия құрамасы күніне төрт рет швед үстелі форматында тамақтанады. Ойыншыларға гарнир ретінде картоп, макарон немесе күріш ұсынылады. Ал кешкі ас мәзірінде балық, тауық еті, тако және ет тағамдары бар.
Айта кетейік, Норвегия әлем чемпионатының алғашқы турында Ирак құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, І тобында көш бастады. Алдағы матчтарда норвегиялықтар Сенегалмен және Франциямен кездеседі.