АҚШ құрамасы Аустралияны жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Бұған дейін плей-офф кезеңіне алғашқы болып Мексика құрамасы шыққан болатын.

АҚШ құрамасы Аустралияны жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды Reuters

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын иеленді.

D тобындағы кездесу Сиэтл қаласында өтті. Ойын барысында америкалықтар сапынан Александр Фриман мергендігімен көзге түссе, аустралиялық қорғаушы Кэмерон Берджесс өз қақпасына гол соғып алды - 2:0.

Осылайша АҚШ құрамасы екі ойыннан кейін 6 ұпай жинап, D тобында жеке-дара көш бастады. Бұл нәтиже америкалықтарға әлем чемпионатының 1/16 финалына шығуға мүмкіндік берді. 

Ал Аустралия құрамасының еншісінде 3 ұпай бар және команда топтағы екінші орынды сақтап тұр. Топтағы қалған екі құрама - Түркия мен Парагвай әзірге ұпай жинай алған жоқ. Олар 20 маусым күні Сан-Францискода кездеседі. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу