Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында қола медаль иеленді

Виктор Друзиннің жүлдесі Қазақстан құрамасының суперфиналдағы алғашқы жүлдесі болды.

Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында қола медаль иеленді ашық дереккөзден

Канададағы әлем кубогының суперфиналында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл жетістікке көркем жүзуден ұлттық құраманың өкілі Виктор Друзин қол жеткізді.

Торонто қаласында басталған маусымның шешуші жарысында қазақстандық спортшы ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Друзин төрешілерден 235,4583 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Алтын медальді Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин жеңіп алса, күміс жүлде Қытай өкілі Муе Гоның еншісіне бұйырды.

Биылғы әлем кубогының суперфиналына 22 елден 156 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бұл додада 14 спортшы қорғауда. Жарыс 21 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу