Қазақстандық Barys Магнус Карлсеннің командасын жеңді

Шахматтан командалық әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі команда өнер көрсетуде.

Қазақстандық Barys Магнус Карлсеннің командасын жеңді ашық дереккөзден

Barys командасы Гонконгте өтіп жатқан шахматтан командалық әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жетті. Отандастарымыз әлемдік рейтингтің көшбасшысы Магнус Карлсен өнер көрсететін WR Chess ұжымын 4:2 есебімен ұтты.

Barys сапында Петр Свидлер, Айлин Зарқым және Алуа Нұрман жеңіс ұпайларын әкелсе, Рамазан Жалмаханов блицтен әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен қара тастармен тең түсті.

Сегіз тур қорытындысы бойынша қазақстандық команда 12 матчтық ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алда тек Қытайдың Dragon Chilling және Үндістанның Team MGD1 командалары ғана келеді.

Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан тағы бір команда Kazchess 8 турдан кейін 11 ұпаймен турнирлік кестеде 4-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Гонконгте өтіп жатқан әлем чемпионатына 48 команда қатысуда. Турнирдің рапид кезеңінде әлі төрт тур ойналады. Содан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу