Қазақстандық желаяқтар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты өтуде.

Қазақстандық желаяқтар Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты qazathleics

Қазақстан жеңіл атлетика құрамасы Қытайда өткен эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, құрлық чемпионы атанды.

17-22 маусым аралығында Шаосин қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додаға Азияның тоғыз елінен 105 спортшы қатысты. Жарыстың ең тартысты бәсекелерінің бірі саналатын аралас 4×400 метрлік эстафетада қазақстандық спортшылар қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов және Мария Шуваловадан құралған Қазақстан құрамасы жарыс жолын 3 минут 16,75 секундта жүгіріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Осы нәтижемен олар Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.

Күміс жүлде Үндістан құрамасына бұйырса, жарыс қожайыны Қытай командасы қола медальды қанағат тұтты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу