Испания құрамасы Сауд Арабиясын ірі есеппен жеңді

Испания Н тобында көш бастады.

Испания құрамасы Сауд Арабиясын ірі есеппен жеңді ашық дереккөзден

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен тас-талқан етті.

АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиумында» өткен кездесуде испаниялықтар алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. Есепті 10-минутта жас жұлдыз Ламин Ямаль ашып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

21-минутта Микель Оярсабаль есеп айырмасын ұлғайтса, араға үш минут салып дубль авторы атанды. Айта кетейік, Оярсабаль Ямальдың голына да нәтижелі пас берген болатын.

Екінші тайм басталғаннан кейін көп ұзамай саудиялық қорғаушы Хассан Аль-Тамбакти өз қақпасына гол соғып, Испанияның басымдығын одан әрі арттырды. Осылайша матч 4:0 есебімен аяқталды.

Бұл ойында 18 жастағы Ламин Ямаль әлем чемпионатында алғаш рет Испания құрамасының негізгі құрамында алаңға шықты. Үзілістен кейін ол Йереми Пиноға жол берді.

Осы жеңістен кейін Испания құрамасы 4 ұпай жинап, Н тобының көшбасына айналды. Ал бір ғана ұпайы бар Сауд Арабиясы үшінші орынға сырғыды.

Топтық кезеңнің соңғы турында Испания Уругваймен кездессе, Сауд Арабиясы Кабо-Верде құрамасымен өзара мықтыны анықтайды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу