Мохамед Салах бастаған Египет құрамасы камбэк жасап, Жаңа Зеландияны жеңді

Египет әлем чемпионатында осал қарсылас емес екенін дәлелдеді.

Мохамед Салах бастаған Египет құрамасы камбэк жасап, Жаңа Зеландияны жеңді ашық дереккөзден

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Египет құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Ванкувер қаласында өткен кездесуде есепті алғаш болып Жаңа Зеландия құрамасы ашты. Матчтың 15-минутында қорғаушы Финн Сармен мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды.

Алайда екінші таймда ойын тізгінін толықтай қолға алған мысырлықтар камбэк жасады. 58-минутта Мостафа Зико таразы басын теңестірсе, тоғыз минуттан кейін команданың көшбасшысы Мохамед Салах есепті 2:1-ге жеткізді. Ал 82-минутта Махмуд Хассан матчтың нүктесін қойды.

Осы жеңістен кейін Египет құрамасы екі тур қорытындысы бойынша төрт ұпай жинап, G тобында бірінші орынға көтерілді. Ал Жаңа Зеландия бір ұпаймен команда төртінші сатыда тұр.

Үшінші турда, 27 маусым күні Египет Иран құрамасымен кездессе, Жаңа Зеландия Бельгиямен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгінгі ойында 1 нәтижелі пас беріп,  1 гол соққан Мохамед Салах ойынның үздік ойыншысы атанды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу