Қазақстан таеквондодан әлемдік додаларды қабылдауға лайық ел ретінде танылды
2027 жылы Қазақстанда өтетін таеквондодан әлем чемпинатында Лос-Анджелес Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.
Қазақстан таеквонда федерациясы
Халықаралық таеквондо федерациясының президенті доктор Чунгвон Чо Қазақстанда таеквондо спортының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміздің ірі халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл жылдың соңында Қазақстан таеквондодан Гран-при финалын қабылдайды. Сонымен қатар, келесі жылы елімізде өтетін әлем чемпионатында алғаш рет 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының жаңа ережелері қолданылады.
«Жыл соңында Қазақстан Гран-при финалын қабылдайтынын бәріміз білеміз. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы бұл жарыстар үшін жаңа ережелерді енгізіп жатыр. Бұдан бөлек, келесі жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында Лос-Анджелес Олимпиадасының ережелері алғаш рет сынақтан өтеді. Қазақстан бұған дейін де көптеген халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырған. Осыны ескере отырып, біз бұл ел Гран-при финалы мен 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге әбден лайық деген шешім қабылдадық», - деді Чунгвон Чо.
Айта кетейік, бүгін 22-маусым Астанада алғаш рет Алтай одағының чемпионаты өтуде. Ал 25-27 маусым аралығында жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open турнирі ұйымдастырылады.