Кристина Овчинникова Нидерландыдағы беделді турнирде қола жүлде иеленді

FBK Games турнирі World Athletics Continental Tour сериясының ең жоғары деңгейіндегі жарыстарының қатарына кіреді.

Кристина Овчинникова Нидерландыдағы беделді турнирде қола жүлде иеленді ашық дереккөзден

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен FBK Games халықаралық турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Биіктікке секіру сайысында өнер көрсеткен отандасымыз 1,88 метр нәтижемен үшінші орынға тұрақтап, қола медальға қол жеткізді. Ал Қазақстанның тағы бір өкілі Елизавета Матвеева 1,76 метр биіктікті бағындырып, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Алтын жүлде әлемдік жеңіл атлетиканың жұлдызы, Украина спортшысы Ярослава Магучихке бұйырды. Ол 1,94 метр нәтижесін көрсетті. Күміс медальді Куба өкілі Дакси Аделина Брисон иеленді - 1,91 метр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу