Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Ұлттық құраманы енді кім баптайтыны әзірге белгісіз.

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кеткені туралы ресми түрде хабарлады. Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы басқарған кезеңде команда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Бельгия құрамасымен тең түсіп, іріктеу науқанындағы маңызды нәтижелердің бірін тіркеді.
Сондай-ақ оның жетекшілігімен ұлттық құрама өз күшіне деген сенімділігін арттырып, ФИФА рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты.
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ұлттық құраманың дамуына қосқан үлесі және адал еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу