Астана 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
Бүгін Халықаралық конькишілер одағы ресми мәлімдеме жасады.
ашық дереккөзден
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2027 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатының өтетін орны ретінде Астананы ресми түрде бекітті. Бұл туралы ҚР Ұлттық ол
Беделді жарыс 2027 жылдың 9-14 ақпаны аралығында өтеді. Қазақстан астанасында Азия, Америка, Африка және Мұхит аралдарының үздік мәнерлеп сырғанаушылары бас қосады.
ISU мәліметінше, бұл шешім Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығы күрт артқан кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Оған қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алуы ықпал етті. Тарихи жетістік елдегі қысқы спорт түріне деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтерді.
Төрт құрлық чемпионаты Қазақстанда осы уақытқа дейін өткен мәнерлеп сырғанаудан ең ірі халықаралық турнир болмақ. Бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған еді.