Аргентина Аустрияны жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Месси рекорд жаңартты.

Аргентина Аустрияны жеңіп, плей-оффқа жолдама алды Getty Images

Футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы кезекті мәрте өз мықтылығын дәлелдеді. Лионель Месси бастаған әлем чемпиондары топтық кезеңнің екінші турында Аустрияны 2:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын иеленді.

АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан AT&T Stadium аренасында өткен кездесудің басты кейіпкері тағы да Лионель Месси болды. 38 жастағы шабуылшы матчтың 38-минутында есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал қосымша уақытта (90+5) қарсылас қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеп, дубль авторы атанды.

Бұл голдар Месси үшін ерекше маңызға ие болды. Аргентиналық сұрмерген әлем чемпионаттарындағы гол санын 18-ге жеткізіп, турнир тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Осылайша ол Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің 16 голдық рекордын артта қалдырды.

Айта кетейік, Месси матчтың 9-минутында пенальтиден мүлт кеткенімен, кейін өз қателігін толықтай түзеп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Екі турдан кейін Аргентина 6 ұпай жинап, J тобында жеке-дара көш бастады. Әлем чемпиондары плей-офф кезеңіне шығу мәселесін мерзімінен бұрын шешіп қойды. Аустрия құрамасының еншісінде 3 ұпай бар. Ал Иордания мен Алжир әзірге ұпайсыз қалып отыр.

Лионель Месси үшін бұл тағы бір тарихи кеш болды. Қазіргі уақытта оның Аргентина құрамасы сапындағы көрсеткіші 122 гол. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу