Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді
Қазақ файтері үздіктер қатарына жақындай түсті.
ашық дереккөзден
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді. Бұл жағымды жаңалық оның америкалық Чарльз Джонсонға қарсы маңызды жекпе-жегі қарсаңында белгілі болды.
Жаңартылған рейтинг бойынша Алмабаев сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді. Ал оның алдағы қарсыласы Чарльз Джонсон керісінше, 14-орыннан 15-сатыға төмендеді.
Дивизионның чемпионы мәртебесін әлі де Джошуа Ван сақтап отыр. Рейтингтің алғашқы үштігінде Александр Пантожа, Манель Капе және Тацуро Тайра орналасқан. Ал Алмабаевтың алдында Брэндон Ройвал, Лонз Кавана және Киоджи Хоригути тұр.
Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек 27 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирінде ұйымдастырылады. Қазақстандық спортшы жекпе-жек өтетін қалаға алдын ала келіп, дайындық жұмыстарын бастап кетті. Тіпті ол қарсыласымен Баку көшелерінде кездесіп, жанкүйерлердің қызығушылығын арттырған болатын.