Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас сұрмергендерінің қатарына енді
Рейтинг көшін әлемдік футбол жұлдызы Ламинь Ямаль бастап тұр.
ашық дереккөзден
Қазақстан футболының жарқын таланттарының бірі Дастан Сәтпаев тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы және болашақта лондондық «Челси» сапында өнер көрсететін футболшы әлемдегі 20 жасқа дейінгі ең нәтижелі ойыншылардың рейтингінде үздік ондыққа енді.
Аргентиналық танымал футбол статистигі әрі шолушы Карлос Арасаки жариялаған рейтингте 17 жастағы Сәтпаев тоғызыншы орынға тұрақтады. Оның еншісінде қазірдің өзінде 25 гол бар. Бұл көрсеткіш қазақстандық шабуылшыны әлем футболындағы болашағынан зор үміт күттіретін жас ойыншылардың қатарына қосты.
Рейтинг көшін Испания құрамасы мен «Барселонаның» жұлдызы Ламин Ямаль бастап тұр. 18 жастағы футболшының есебінде 56 гол бар. Одан кейінгі орындарға бразилиялық таланттар Эстевао мен Эндрик жайғасқан. Екеуі де 19 жасында 40 голдан соққан.
Айта кетейік, Сәтпаев жақын күндері Англияға аттанып, лондондық «Челсимен» маусым алдындағы дайындық жиынына қатысады.