«Ақтөбе» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеуін өз алаңында өткізеді

Матчтар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.

«Ақтөбе» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеуін өз алаңында өткізеді ашық дереккөзден

Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылып, Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» әйелдер командасының қарсыластары анықталды.

Ақтөбелік клуб 3-топқа түсіп, исландиялық «Брейдаблик», швейцариялық «Серветт» және беларусьтік «Динамо-Минск» командаларымен бақ сынайды. Мини-турнирдің барлық матчтары Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.

5 тамызда жартылай финалда «Ақтөбе» «Брейдабликпен» кездессе, «Динамо-Минск» пен «Серветт» екінші жолдаманы сарапқа салады. Шешуші матчтар 8 тамызда өтеді.

Мини-турнир жеңімпазы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу