«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасына қайта оралады
2011 жылдан бері «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы Орталық Азияның жалғыз өкілі.
ашық дереккөзден
«Астана» баскетбол клубы 2026/27 жылғы маусымнан бастап ВТБ Бірыңғай лигасындағы өнерін қайта жалғастырады.
Клуб өткен маусымда демеушілер мен коммерциялық серіктестердің қолдауы арқылы FIBA WASL турнирінде бәсекеге қабілетті құрам жасақтап, табысты нәтиже көрсетті. ВТБ лигасына қайта оралу команданың даму мүмкіндіктерін кеңейтіп, құрамды күшейтуге жол ашады.
Сондай-ақ «Астана» FIBA WASL турнирінің аймақтық кезеңінде финалға шығып, 2026 жылдың қыркүйегінде өтетін Final 8 додасына тікелей жолдама алған еді.
Осылайша клуб Еуропа мен Азия турнирлерінде Қазақстан намысын қорғайтын жалғыз команда болып отыр.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу