Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

1/4 финалда қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының жартылай финалына шықты olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Командалық жарыстың алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасын 45:23 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалға шықты. Келесі кезеңде жерлестеріміз Азиядағы ең мықты құрамалардың бірі саналатын Жапониямен кездесті.

Тартысқа толы өткен кездесуде қазақстандық семсерлесушілер мінез танытып, қарсыласын 45:42 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншіліктің үздік төрт командасының қатарына енді.

Ұлттық құраманың намысын Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина қорғауда.

Енді қазақстандық спортшылар финал жолдамасы үшін сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қазақстан ерлер құрамасы сапы сайысында Азия чемпионатыда алтын медальға қол жеткізген болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу