Колумбия плей-офф жолдамасын мерзімінен бұрын рәсімдеді

Конго құрамасы келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтау үшін соңғы турда міндетті түрде жеңіске жетуі керек.

Колумбия плей-офф жолдамасын мерзімінен бұрын рәсімдеді ашық дереккөзден

Футболдан әлем чемпионатында Колумбия құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, плей-офф кезеңіне шығу мәселесін мерзімінен бұрын шешті. Оңтүстік америкалық ұжым екінші турда Конго Демократиялық Республикасын 1:0 есебімен жеңді.

Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өткен кездесуде қос команда ұзақ уақыт бойы бір-бірінің қорғанысын бұза алмады. Матч тағдыры 76-минутта шешілді. Хуан Кинтероның дәл пасын қорғаушы Даниэль Муньос голға айналдырып, Колумбияға маңызды үш ұпай сыйлады.

Ойын барысында Ресейдің «Краснодар» клубында өнер көрсететін шабуылшы Джон Кордоба да алаңға шықты. Ол 58-минутта Луис Суарестің орнына ойынға қосылып, команданың шабуыл шебін күшейтті.

Осы жеңістің арқасында Колумбия құрамасы алты ұпай жинап, К тобында жеке-дара көш бастады. 

Ал Конго Демократиялық Республикасы екі матчтан кейін бір ғана ұпаймен үшінші орында қалып отыр. Африкалық құрама енді келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтау үшін соңғы турда міндетті түрде жеңіске жетуі керек.

Топтық кезеңнің соңғы турында Колумбия Португалиямен кездессе, Конго Демократиялық Республикасы Өзбекстан құрамасымен өзара мықтыны анықтайды. Екі матч та 28 маусым күні өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу