Қазақстандық гимнасттар 28 жылдан кейін Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Азия чемпионаты 28 маусымға дейін жалғасады

Қазақстандық гимнасттар 28 жылдан кейін Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды ашық дереккөзден

Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан құрлық біріншілігінде ұлттық құрама командалық есепте қола медаль иеленіп, араға 28 жыл салып Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Еліміздің намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғады. Жас гимнасттар жарыс барысында 144.462 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді.

Командалық есептің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы 163.563 ұпаймен чемпион атанса, Жапония 157.329 ұпаймен күміс жүлдені еншіледі. Ал Қазақстан құрамасы қола медальға қол жеткізіп, ел спортының тарихына тағы бір жарқын белес қосты.

Бұл қазақстандық жасөспірім қыздар құрамасының соңғы 28 жылдағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейін дәл осы жас санатында жерлестеріміз Азия чемпионатының қола жүлдесін 1998 жылы жеңіп алған болатын. 

Айта кетейік,. алда қазақстандық спортшылар жекелей сайыстарда тағы да жүлде үшін бақ сынайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу