Қазақстандық теннисшілердің Уимблдондағы алғашқы қарсыластары анықталды

Бүгін Үлкен Дулыға турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдондағы алғашқы қарсыластары анықталды ашық дереккөзден

Лондонда 29 маусым мен 12 шілде аралығында өтетін Уимблдон-2026 турнирінің жеребесі тартылды. 

Әйелдер арасында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда Франция өкілі Луа Буассонмен кездеседі. Матч 29 маусым күні сағат 15:00-де басталады. 

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева турнирдің алғашқы кезеңінде Германия теннисшісі Татьяна Марияға қарсы ойнайды. Бұл кездесу де 29 маусымға белгіленген.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда аустралиялық Танаси Коккинакиспен кортқа шығады.

Ал Александр Шевченко бірінші кезеңде әлемнің төртінші ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол турнирде үшінші нөмірмен тіркелген.

Сондай-ақ турнирде жұптық сында Анна Данилина, ал жасөспірімдер арасында Заңғар Нұрланұлы сынға түседі. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу