Дембеленің хет-тригі Францияны жеңіске жетеледі

Франция Норвегияны ойсырата ұтып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

Дембеленің хет-тригі Францияны жеңіске жетеледі ашық дереккөзден

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Франция құрамасы Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, өз тобында бірінші орын иеленді.

Кездесудің басты қаһарманы Усман Дембеле болды. Француз шабуылшысы алғашқы таймның өзінде хет-трик авторы атанып, қарсылас қорғанысын тығырыққа тіреді. Үзілістен кейін Дезире Дуэ Францияның төртінші голын соқты. Ал Килиан Мбаппе екі нәтижелі пас беріп, команданың жеңісіне зор үлес қосты.

Норвегия сапындағы жалғыз голды Тело Осгор соқты. Екінші таймда скандинавиялықтар пенальтиден есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алғанымен, Йорген Ларсен 11 метрлік айып добын мүлт жіберді. Сонымен қатар команданың басты жұлдыздары Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегор бұл матчта алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды.

Айта кетейік, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам анасының өмірден өтуіне байланысты кездесуге қатыса алмады.

Осылайша Франция топтық кезеңді 9 ұпаймен аяқтап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен жолдама алды. 6 ұпай жинаған Норвегия да келесі кезеңге өтіп, Кот-д’Ивуар құрамасымен кездеседі. Сенегал 3 ұпаймен турнирді аяқтаса, бірде-бір ұпай жинай алмаған Ирак құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу