Денис Сергиенко Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

23-28 маусым аралығында Ташкентте велоспорттан Азия чемпионаты өтуде.

Денис Сергиенко Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды ашық дереккөзден

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Денис Сергиенко күміс жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы Cross Country Olympic бағдарламасында сынға түскен қазақстандық велошабандоз 27,76 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 24 минут 47 секундта еңсеріп, мәреге екінші болып жетті.

Азия чемпионатының алтын медалін жапониялық Рики Китабаяши жеңіп алса, қола жүлде Қытай өкілі Цзиньвэй Юаньға бұйырды.

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында құрлықтың ең мықты велошабандоздары жүлделерді сарапқа салып жатыр. Қазақстан құрамасыда Денис Сергиенкомен қатар Никита Галкин, Алексей Фефелов, Константин Казаков, Ильяс Рахимов, Татьяна Генелева, Алина Спирина және Юлия Ли өнер көрсетуде. 

Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли маунтинбайктен U 23 санатында қола жүлде иеленген болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу