Қазақстандық батутшылар Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды
Финалдық бәсекелер 28-маусымға жоспарланған.
ашық дереккөзден
Швейцарияның Ароза қаласында өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары іріктеу сынында сәтті өнер көрсетіп, келесі кезеңге өтті.
Әйелдер арасындағы синхронды секіру бәсекесінде Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева жоғары нәтиже көрсетіп, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Енді қазақстандық спортшылар 28 маусым күні өтетін шешуші сында жүлделі орындар үшін бақ сынайды.
Сонымен қатар, ерлер арасындағы жекелей сайыста Ерлан Тасмағамбетов алғашқы іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, екінші квалификациялық кезеңге жолдама алды. Ол енді финалға шығу үшін сынға түседі.
Айта кетейік, Әлем кубогының бұл кезеңі 24-28 маусым аралығында өтуде.