Әлем чемпионаты: Плей-оффтың тоғыз жұбы анықталды
Әлем чемпионатында биыл 48 команда сынға түсуде.
hls.kz
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі қыза түсті. 27 маусымдағы ойындардан кейін 1/16 финалға жолдама алған 32 құраманың 24-і белгілі болды. Сонымен қатар, плей-офф кезеңіндегі тоғыз жұп анықталды.
Үшінші турдан кейін G тобында Бельгия, H тобында Испания, ал I тобында Франция өз топтарының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Египет, Кабо-Верде және Норвегия құрамалары келесі кезеңге тікелей шықса, Сенегал үздік үшінші орын иеленген командалардың қатарына еніп, плей-оффтан орын алды.
Әлем чемпионатының регламентіне сәйкес, әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен үшінші орын иеленген сегіз үздік команда 1/16 финалға жолдама алады.
Қазіргі уақытта үшінші орын арқылы плей-оффқа шыққан бес құрама анықталды. Олар - Швеция, Эквадор, Босния және Герцеговина, Парагвай және Сенегал. Ал Уругвай құрамасы турнирдің келесі кезеңіне шығу мүмкіндігінен толық айырылды.
Осылайша, плей-оффқа жолдама алған құрамалар қатарында Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция, Норвегия, Колумбия, Швейцария, Канада, Бразилия, Марокко, Оңтүстік Африка Республикасы, Босния және Герцеговина, Аустралия, Парагвай, Кот-д’Ивуар, Эквадор, Жапония, Нидерланды, Швеция, Испания, Кабо-Верде, Бельгия және Египет бар.
Қазіргі уақытта белгілі болған 1/16 финалдың жұптары: Оңтүстік Африка Республикасы - Канада, Бразилия - Жапония, Германия - Парагвай, Нидерланды – Марокко, Кот-д’Ивуар - Норвегия, Франция - Швеция, АҚШ - Босния және Герцеговина, Аустралия – Египет, Аргентина - Кабо-Верде.
Топтық кезеңнің қалған матчтарынан кейін плей-оффтың барлық жұптары толық анықталып, әлем чемпионаты шешуші кезеңге қадам басады.