Дастан Сәтпаев Лондонға аттанды

Қазақстандық шабуылшы «Челсидің» маусымалды жиынына қатысады.

Дастан Сәтпаев Лондонға аттанды ашық дереккөзден

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияға аттанып, жақын күндері лондондық «Челси» клубының маусымалды оқу-жаттығу жиынына қосылады. Жас футболшы Лондонға анасымен бірге жол тартты. 

Лондонға аттанар алдында Сәтпаев алматылық «Қайрат» клубымен ресми түрде қоштасты. Ол негізгі команда сапында 58 матч өткізіп, 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Осылайша жас шабуылшы Қазақстан футболындағы ең жарқын таланттардың бірі ретінде көзге түсті.

Енді Дастан Сәтпаев әлемнің үздік клубтарының бірі саналатын «Челсидің» маусымалды дайындығына қатысып, бапкерлер штабының сеніміне ие болуға тырысады. Бұл қадам оның кәсіби мансабындағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу