Сауат Нұрғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Сауат Нұрғалиев U16 жас санатында өнер көрсетті.

Сауат Нұрғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Сауат Нұрғалиев қола жүлдегер атанды.

15 жастағы шахматшы U16 жас санатында сәтті өнер көрсетіп, 8,5 ұпай жинады. Нәтижесінде ол 152 қатысушының арасынан үздік үштіктен көрінді. 

Биылғы әлем чемпионатына 85 елден 742 жас шахматшы қатысты. Қазақстан намысын 35 спортшы қорғады. Делегация құрамындағы ең жоғары нәтижені Сауат Нұрғалиев көрсетті.

Айта кетейік,  Сауат Нұрғалиев ересектер арасындағы классикалық шахматтан Қазақстанның қазіргі чемпионы.

Тағы бір қазақстандық шахматшы Марк Смирнов U14 санатында бесінші орын иеленді. 

Қыздар арасындағы U16 бәсекесінде Елназ Қалиахмет төртінші орын алса, Мария Холявко бесінші сатыға тұрақтады. Екеуі де 8 ұпай жинап, жүлдеден небәрі жарты ұпайға қалып қойды.

Ал U18 санатында сынға түскен Эдгар Мамедов 8 ұпаймен бесінші орынға ие болды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу