Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Асу қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті ашық дереккөзден

Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды жеңді.

Жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жектің үшінші раундында Асу Алмабаев аяққа жасалатын ауырту әдісін сәтті орындап, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл 32 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісі. Оның кәсіби мансабындағы жеңістер саны 24-ке жетсе, үш рет жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық файтер 2025 жылдың шілде айында перулік Хосе Очоаны, ал қарашада америкалық Алекс Пересті жеңген болатын.

Сонымен қатар, UFC Fight Night 280 турнирінде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Бекзат Алмахан бразилиялық Жан Мацумотомен өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу