Прагадағы Еуропа кубогінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Халықаралық турнир 28 маусымға дейін жалғасады.

Прагадағы Еуропа кубогінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті ашық дереккөзден

Чехияның Прага қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасының спортшылары жүлделі нәтижеге қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов барлық қарсыласын жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді. Финалдық белдесуде ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

Осы салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық балуан Нұрәділ Әлжан қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өз командаласы Сұңғат Нұратұлын жеңіп, ел қоржынына кезекті медальді салды.

Айта кетейік, Прагадағы Еуропа кубогіне 38 мемлекеттен 412 дзюдошы қатысуда. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу