Аргентина құрамасы плей-оффқа шықты
Месси тарихи рекордын жаңартты.
championat
Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңін жеңіспен аяқтады. Лионель Скалонидің шәкірттері J тобының үшінші турында Иорданияны 3:1 есебімен жеңіп, тоғыз ұпаймен бірінші орынға ие болды.
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен кездесуде аргентиналықтардың сапынан Джовани Ло Чельсо, Лаутаро Мартинес (пенальтиден) және Лионель Месси мергендік танытты. Ал Иордания құрамасының жалғыз голын Мұса Әл-Тамари соқты.
Бұл матчта гол соққан Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алтыншы добын тіркеп, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар аңыз шабуылшы әлем чемпионаттары тарихындағы гол санын 19-ға жеткізіп, осы көрсеткіш бойынша көшбасшылық орнын нығайтты.
Осылайша Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетіп, 9 ұпаймен J тобында көш бастады. Енді олар 4 шілде күні Майамиде өтетін 1/16 финалда Кабо-Верде құрамасымен кездеседі.
Ал үш матчтың барлығында жеңілген Иордания құрамасы бірде-бір ұпай жинай алмай, әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.