Асу Алмабаев қомақты сыйақыға ие болды

Күні кеше Асу Алмабаев UFC-де қатарынан үшінші жеңісін тіркеді.

Асу Алмабаев қомақты сыйақыға ие болды ашық дереккөзден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турниріндегі жарқын жеңісінен кейін ұйым тарапынан арнайы қаржылай бонусқа ие болды.

Әзербайжанның Баку қаласында өткен кеште Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Осы жеңісі үшін қазақстандық файтерге «Кештің үздік өнері» номинациясы бойынша 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

Дәл осындай көлемдегі бонусты әзербайжандық Рафаэль Физиев, түркиялық Абдул-Рахман Яхьяев және украиналық Даниил Донченко да иеленді.

Айта кетейік, бұл жеңіс Асу Алмабаевтың UFC-дегі беделін арттырып қана қоймай, жеңіл салмақтағы үздік спортшылар қатарына жақындай түсуіне мүмкіндік берді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу