Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды

32 команда 1/8 финалдық жолдамаларды сарапқа салады.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды ашық дереккөзден

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі өз мәресіне жетіп, плей-оффтың алғашқы сатысы - 1/16 финалдың барлық қатысушысы белгілі болды. Топтық кезеңнен сәтті өткен 32 құрама енді чемпиондық жолындағы шешуші кездесулерге дайындалады.

Жеребе қорытындысы бойынша 1/16 финалда Германия Парагваймен, Франция Швециямен, Нидерланды Мароккомен, Португалия Хорватиямен, Испания Аустриямен, АҚШ Босния және Герцеговинамен, Бельгия Сенегалмен кездеседі.

Сондай-ақ Бразилия Жапониямен, Кот-д’Ивуар Норвегиямен, Мексика Эквадормен, Англия Конго Демократиялық Республикасымен, Аргентина Кабо-Вердемен, Аустралия Мысырмен, Швейцария Алжирмен, Колумбия Ганамен, ал Оңтүстік Африка Канадамен күш сынасады.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі бүгін, 28 маусымда басталады. Алғашқы ойын Оңтүстік Африка мен Канада құрамалары арасында өтеді. Енді әрбір матч тағдыршешті сипатқа ие болады. Өйткені жеңілген команда турнирмен қоштасады. Ал жеңімпаздар 1/8 финал жолдамасын иеленеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу