Канада тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Канада соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті.

Канада тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты ашық дереккөзден

Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Канада құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алған алғашқы команда болды.

Кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтті. Матч бойы екі команда да бір-бірінің қорғанысын бұза алмай, негізгі уақыт аяқталуға жақындағанда есеп әлі ашылмаған еді.

Алайда төреші қосқан екінші минутта Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Стивен Эуштакиу шешуші голды соғып, өз командасына тарихи жеңіс сыйлады. Осылайша канадалықтар плей-оффтың келесі кезеңіне өтті.

Енді Канада құрамасы 1/8 финалда Нидерланды мен Марокко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч 4 шілде күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу