Қазақстан құрамасы Прагадағы Еуропа кубогінде төрт медаль жеңіп алды

Биылғы Еуропа кубогіне 38 елден 412 дзюдошы қатысты.

Қазақстан құрамасы Прагадағы Еуропа кубогінде төрт медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Чехияның Прага қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен Еуропа кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарысты сәтті аяқтап, жалпы төрт медаль екі алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алды.

+100 келі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық қос балуан Ғалымжан Қырықбай мен Жантілек Нұртілекұлы өзара белдесті. Нәтижесінде Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетіп, алтын медаль иеленсе, Жантілек Нұртілекұлы күміс жүлдегер атанды.

Ечстеріңізге сала кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қарсыластарының барлығын жеңіп, турнир чемпионы атанған еді. Финалда ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді уақытынан бұрын тізе бүктірді.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Нұрәділ Әлжан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Прагадағы Еуропа кубогін екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу