Қазақстан бокс құрамасы Азия чемпионатына сақадай сай

Сары құрлық бәсекесіне 430-дан астам боксшы қатысады.

Қазақстан бокс құрамасы Азия чемпионатына сақадай сай ашық дереккөзден

3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделер үшін таласады.

U23 санатындағы әйелдер құрамасына Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Анита Адишева (51 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Аяжан Ермек (60 келі), Аружан Жаңабаева (65 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) және Панар Сейітханқызы (+80 келі) енді. Команданы Марат Қырықбаев жаттықтырады.

Мақсат Бақтыбазаров баптайтын U23 ерлер құрамасы сапында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Бексұлтан Боранбек (55 келі), Нұрасыл Төлебек (60 келі), Асылхан Көшербай (65 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбек (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Ибрагим Бетаев (90 келі) және Аслан Елдібайұлы (+90 келі) өнер көрсетеді. 

U19 қыздар құрамасында Мадира Жұмақан (48 келі), Жадыра Қалтай (51 келі), Марал Төлепберген (54 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Жасмин Абрамян (60 келі), Айсұлу Мұхит (65 келі), Камила Оспанова (70 келі), Алтынгүл Аймұхан (75 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Зарина Толыбай (+80 келі) бақ сынайды. Команданың аға жаттықтырушысы – Жанкелді Ахметов.

Ал U19 ерлер құрамасына Әділ Асқанбай (50 келі), Едіге Нұрғожа (55 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Хамза Мақсатұлы (75 келі), Тимур Тайбеков (80 келі), Руслан Ахметов (85 келі), Жалғас Утебеков (90 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) кірді. Команданы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады.

Айта кетейік, 26 ұлттық федерациядан 430-дан астам боксшы қатысатын U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 12 күн бойы жоғары деңгейдегі олимпиадалық бокс бәсекелерін ұсынбақ. Сонымен қатар, бұл турнир жанкүйерлер үшін Азия боксының болашағы саналатын жас таланттардың шеберлігін тамашалауға керемет мүмкіндік.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу